Кез келген ағаштардың әдемі, түзу болып өсуі үшін оларды көшет кезінен тәрбиелеу керек. Өсімдіктер де адам сияқты, жас кезінде қандай тәрбие берілсе, солай болып өседі. Яғни, көшеттердің бұтағының тік өсуін қадағалап, астыңғы жапырақтары мен бұтақтарын алып отырса әдемі өседі. Шетелде көгалдандыруға қажетті жас көшеттерді сатылымға дайындауда үлкен мән қойылған. Суреттен көріп отырғандарыңыздай, барлық ағаш тік өскен және өте әдемі ретке келтірілген. Осындай әдісті қолданудың пайдасы зор. Мәселен, мектеп қабырғасында осындай көшеттерді дайындап, ауласына отырғызса, оқушыларға да өз жағымды әсерін берері сөзсіз. Сонымен қатар, балалардың еңбекқорлығын арттыра түседі. Ал, түзу өскен ағаштар мәдениеттілік пен ұқыптылықтың белгісі.

 

Write A Comment