Қыркүйек айынан бастап үй гүлдерінің көптеген түрлері көктемге дейін уақытша демалысқа кетеді. Атап айтар болсақ бұл топқа: қазтамақ, жүсіптің сұлулығы, қынагүл, кірпігүлдер т.б. тұқымдастар жатады. Уақытша демалыс дегеніміз – жапырағын түсіріп гүлдердің уақытша өсуі тоқтауы. Өсімдіктің өсу процесі тоқтағаннан кейін өңі кетіп, әрсіздене түседі. Көптеген гүл өсірушілер оларды ауырып тұр деп дәрілеп, ерекше күтім жасайды және қоректендіреді. Бұл дұрыс емес, ауладағы ағаштар күз кезінде жапырақ түсіріп көктемге дейін жалаңаш қалпында болса үй гүлдерінің де ішінде сондай гүлдердің бар екенін ескеріңіз. Сондықтан оларды күн суытқан сәттен бастап, жапырағы мен сабағын қысқартып, күн аз түсетін, сәл салқындау жерге қояды. Осы аралықта оларды қоректендіру, көп суғаруға болмайды. 2-3 ай қалыптылықты бастан өткерген гүлдерді қаңтар айынан бастап қайтадан күтімге алады. Уақытша демалыстан соң гүлдер ерекше күш жинап жас бұтақтар мен жапырақтарды молынан шығарады. Тіпті ұзақ жыл бойы гүлдемеген уй гүлдері үшін де уақытша демалыстың пайдасы бар. Уақытша демалыстан соң кез келген өсімдік гүл жаратынын ұмытпаңыз.

 

Кейбір үй гүлдерінің жапырағы, сабағы әдемі, сау болып өссе де бірнеше жыл қатарынан гүл жармауы мүмкін. Мұның басты себебі гүлдерге демалыс берілмегендік. Бұл жағдай кірпігүлдердің барлық түріне, кливия, колумнея, гиппеаструм, аққанат гүлдеріне қатысты. Егер, сізде аталған гүлдер болса қыс кезінде оларды салқындау (8-150С), қараңғы бөлмеге 2-3 айға демалысқа қойыңыз. Осы уақыт аралығында демалыстағы гүлдерді суғаруға, топырағын қопсытуға болмайды. Есесіне, ерте көктемде олар міндетті түрде гүлдейтін болады.

Write A Comment