Үй гүлдерін өсіру тарихы ерте заманнан басталады. Ежелгі гректер өз үйлерін құмыраға отырғызған гүлдермен әдемілесе, қытайлықтар мыңдаған жылдар бұрын қыш ыдыстарға аласа бойлы ағаштарды еге білген. Сонымен қатар орта ғасырлық Еуропада қысқы бақтар жасау кеңінен орын алған. Соңғы жүз жылдықта үй гүлдерін өсіру мәдениеті дамыды. Қазір үй гүлдерінің мыңдаған түрі бар. Оның ішінде шырмалып өсетін үй өсімдіктерін атап айтуға болады. Біздің елде көбірек өсіретін шырмауық гүлдер мыналар: үй шырмауығы, сциндапсус, циссус, сингониум және филодендрон.

 

Шырмауық (Hedera) — Отаны Еуропаның, Азияның  субтропикалық ормандары. Біздің елімізде шырмауықты  үй жағдайында ғана өсіреді.Бұл  өсімдіктің қолданыста  жүзге жуық түрі бар.Олардың пішіндері және жапырақтарының түсі әр түрлі болып келеді.

Температурасы. Жазда — 25-300С, ал қыста 120С-тан төмен емес.

Жарығы. Көлеңке жерде немесе ала көлеңкеде өседі

Суғаруы. Жазда молынан суғарылса,  қыста суды азайту керек.

 

Сциндапсустың (Scindapsus) — табиғатта 25 түрі бар. Отаны Оңтүстік-Шығыс Азия. Табиғатта  жылдам өсетін шырмауықтың бірі болып саналады.Сондықтан оны бөлмеде өсіргенде сабағына арнайы тіреу қою керек. Үй жағдайында гүлдемейді.Негізінен сциндапсусты әдемі жапырақтары үшін өсіреді.

Температурасы. Жазда қалыпты бөлме температурасы, ал қыста 12-160С-тан төмен болмауы керек.

Жарығы. Жарықты жақсы көреді, бірақ тік түскен күн көзін ұнатпайды.

Суғаруы.Топырағын құрғатпай суғарып тұру керек.

 

Үй жүзімі (Cissus) – гүлін өсіру қиын емес. Үй жүзімі тез өседі және сабағының ұзындығы 2,5 метрге дейін жетеді. Сондықтан сабағына тіреу қажет. Және шырмауық жүзімді себеттерге отырғызып, төменге салбыратып өсіруге болады..

Көбейтілуі. Қалемшелеу арқылы бірнеше жас көшет алуға болады. Оңай, әрі тез көбейеді.

 

 

 

 

Сингониумның (Syngoniym) -30 түрі бар. Отаны — Солтүстік Америка. Жапырақтары жүрек тәріздес  және көлемі 13см-ге дейін жетеді. Жапырақтарының әдемілігі  үшін өсіреді. Үй жағдайында сабағының ұзындығы 2 метрге жетеді.

Жарығы. Ала көлеңкеде  жасыл жапырақты түрлері жақсы өседі.

Суғаруы. Көктемнен күздің соңғы айына дейін молынан, ал қыста азырақ суғару керек.

 

 

 

Филодендронның (Philodendron) – 330-ға жуық түрлері бар. Филодендронды грек тілінен аударғанда phileo-«сүйем» және dendron-«ағаш», яғни ағашты сүйем деген мағынаны білдіреді. Табиғатта ол үлкен ағашты орап, шырмалып өседі. Жапырақтары үлкен, жүрек пішінді. Кейбір түрлерінің жапырақтарының ұзындығы 2 метрге дейін жетеді. Үй жағдайында гүлдемейді.

Жарығы. Қатты жарыққа шыдамайды, ала көлеңкеде жақсы өседі.

Суғаруы. молынан суғарып тұрған жөн.

Ылғалдылығы. Жапырағын ылғал шүберекпен сүртіп, жиі су бүркіп тұру керек.

Write A Comment