Алма бақ

Гөзел Құлжабаева:

«Сапармен Қытай мемлекетінде жүргенде, сол маңдағы алма бағына бардым. Үлкен алқапты алып жатқан бақтың күтімі жоғары деңгейде. Ағаштары әдемі қырқылған. Баққа тек екі қытайлық қарап жүр. Суғарылуы жайлы сұрап едім, жауап берсек пе, бермесек пе деп олар біраз ойланды. Кейін жақын маңдағы қаладағы кәріз жүйесінен(канализация) шыққан суды бірнеше рет тазалап, содан тазарақ шыққан сумен бақты суғарамыз деп жауабын берді. Неге Қазақстанда үлкен бақтар жасап, халықты қытайдың жаман алмасымен емес, өзіміздің таза алмамызбен қанағаттандырмасқа. Басқа елден алманы импорттаудың қажеті жоқ. Біз басқа елдерге экспорттайтын дәрежеге жету керек. Сол себепті 2013 жылы ауылыма 5 гектар жерге алма бағын жасадық.»