Author

Kulzhabay Nazerke

Browsing

Гүлге де демалыс керек

Қыркүйек айынан бастап үй гүлдерінің көптеген түрлері көктемге дейін уақытша демалысқа кетеді. Атап айтар болсақ бұл топқа: қазтамақ, жүсіптің сұлулығы, қынагүл, кірпігүлдер т.б. тұқымдастар жатады. Уақытша демалыс дегеніміз – жапырағын түсіріп гүлдердің уақытша өсуі тоқтауы. Өсімдіктің өсу процесі тоқтағаннан кейін өңі кетіп, әрсіздене түседі. Көптеген гүл өсірушілер оларды ауырып тұр деп дәрілеп, ерекше күтім жасайды және қоректендіреді. Бұл дұрыс емес, ауладағы ағаштар күз кезінде жапырақ түсіріп көктемге дейін жалаңаш қалпында…

Жапон стиліндегі тас пен судың маңыздылығы

Көгалдандырудың көптеген стильдері бар. Солардың ішінде жапон стилін ерекше атап өтуге болады. Жапонияда жер алтынмен тең бағаланады. Сондықтан жердің аздығынан, жапондық мамандар көгалдандыруды кішкентай ғана жер көлеміне жасауға әбден шыңдалып алған. Аз жерде де олар қиғаштау бақ жолдарын, мүсіндерді, бонсайды жарасымды  орналастыра біледі. Аталған стильде тас пен су негізгі элемент ретінде қолданылады. Ал, бақта су мен тастың орналасқандығын  қалайтындардың саны аз емес. Жапон стилінде тас пен судың неліктен ерекше мәнге…

Бақтың патшасы – БАҚЫТГҮЛ

Бақытгүлі (Chrysanthemum)  алғашқы рет мыңдаған жылдар бұрын Қытай мен Жапонияда өсірілген. Бүгінгі күні бұл гүлдің сұрыптары мен ерекше түрлері жер шарының барлық аймақтарына кең таралып, көгалдандыруда алғашқы орындарға ие болып келеді. Бақытгүлі жаздың күзге ауысқан мезгілінде бақшаны қуаныш пен әдемілікке бөлейтін ғажайып өсімдіктің бірі. Әуесқойлар бақытгүлінің түрлерін өсіріп шығарумен қатар, оны ерте және кеш гүлдетудің де жолын тапқан. Өсімдік кеш гүлдеуі үшін гүлдің өсуін баяулататын химиялық заттарды пайдаланып, (ретарданттар)…

Құнарлы топырақ қайда бар?

Құнарлы топырақ қайда бар? Үй гүліне және жерсіндірілген экзотикалық өсімдіктерге жеңіл топырақ керек. Дүкеннен дайын топырақ алмай, үнемдегіңіз келсе құнарлы да, жеңіл топырақты қолдан жасауға болады. Әсіресе бұл әдіс мектеп пен балабақша үшін өте қажет. Гүл көп болған сайын, құнарлы топырақтың қажеттілігі арта түседі. Күзде бақшаға түскен ағаш жапырақтарын жинап алып, өртеудің орнына, керісінше, оларды іске жарату керек. Жиналған жапырақтарды ауланың бір бұрышына шұңқыр жасап, сол жерге жапырақ салады. Үйілген…

Неке тіркеу рәсімі

Неке тіркеу рәсімі Үйлену тойы бірнеше рәсімдер қатарынан тұрады. Солардың ішінде ең басты тойға мән беретін рәсім, әрине, некені тіркеу. Некені құжат беретін мекемеде өткізуге болады, дегенмен қазіргі кезде табиғатта, не той өтетін мейрамхана ауласында өткізу үлкен ауқым алуда. Сіздердің назарларыңызға неке тіркеу рәсімін безендіру түрлерін ұсынамыз.

Гинкго

Гинкго (Ginkgo) – ежелгі мезазой заманынан ескерткіш болып біздің заманымызға жеткен өсімдік. Өте ерте заманнан келе жатқан гинкго Билоба ағашы шығыста жаңғыртудың және мәңгіліктің ағашы болып саналады. Гинкгоны ғалымдар «жұмбақ өсімдік»дейді. Себебі оның жемісі қылқанжапырақтылардыкі сияқты қабықсыз. Ал жапырағы кәдімгі бұтақты өсімдік сияқты күзде түсіп қалады. Жапырақтары жүрек тәріздес болғандықтан, қытай, жапон елдерінде оны «махаббат ағашы» деп атап кеткен. Оның жапырақтарын жас ғашықтар бір-біріне сыйға тартады екен. Күзге таман барлық…