Дидактикалық материалдар

12 топтың 12 дидактикалық материалдары бар. Кітапшамен, боямақ балаға арналса. Оқу әдістемелік құрал мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне , үйірме жетекшілеріне, ата-аналарға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Парақтың бір бетінде ағаштың толық суреті, жеке жапырағы, гүлі, дәні бейнеленсе, екінші бетінде ағаштың аты сипаттамасы, күтімі, көбейтілуі туралы толық мағлұмат жазылған.

Дидактика ойын

Дидактикалық материалдарда өсімдіктердің табиғи түр-түсін көрсету,  ерекше қасиеттерін білдіру, танымдық ойындар арқылы алған мағлұматтарын бекіту, жүйелеу мақсатын көздейді. Оқу материалдары оқушылардың танымдық қабілетіне сәйкес шартты түрде үш деңгейге топтастырылған.

Бірінші деңгей топтамасы балаларға күнделікті өмірінен жақсы таныс өсімдіктерден тұрады. Ол ағаштардың суретін көргенде оқушы қай жерлерде көргенін, атын есіне түсіруге тырысады, негізгі сипатын атауға (биіктігі, көлемі т.б.) талпынады.

Екінші деңгей топтамасы балаларға жақсы таныс емес өсімдіктерден тұрады. Мұғалім оқушының ойын бағыттай отырып ол өсімдіктің қай жерлерде өсетінін еске түсіруге, биіктігі мен көлемін анықтауға және қосымша ерекшеліктерін суретінен көріп, байқап, сипаттауға, жадында сақтауға жағдай жасайды.

Үшінші деңгей таныс емес өсімдіктерден тұрады. Оқушылардың өз танымында жаңа өсімдікпен танысуын мұғалім өзіндік (жеке немесе топтық) тапсырма беру арқылы, таным қызығушылығы мен танымдық ізденісі арқылы ұйымдастыруы керек.