Журнал туралы

Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы  2005 жылдың наурыз айынан бастап, қазақ және орыс тілдерінде (таралымы 8000 дана)  жарық көріп келеді. Бастапқы кездері  қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрды. 2008 жылдан бастап тек қазақ тілінде жариялануда.

Біздің мемлекетімізде бұрын-соңды көгалдандыру, гүл өсіру мәдениетіне арналған басылым болмағандықтан,  «Гүлстан» — осы салада шығарылып отырған тұңғыш журнал. Біздің ұжым журналмен  қатар, жас ұрпаққа өсімдікті үйрету мақсатында  «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешенін шығарып отыр. Сондықтан,  2012 жылдан бастап журнал жылына 4 рет жарық көретін болды.

Журналдың  мақсаты – гүл өсіру мәдениетін қалыптастыруда, жасөспірімдерді қоршаған орта мен өсімдік әлемін сүюге, экологиялық тәрбие берумен қатар  туған жерді гүлдендіруге баулу, осы салада  қазіргі заман талабына сай ұлттық кадрлар даярлау.

Экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері — журналдың тұрақты  тақырыбы. Журнал  ұмыт болған  өсімдік атауларын қазақ, латын, орыс тілдерінде  сөздік терминалогиясын қалыптастырып жазып келеді.

Журналда қала орталықтарын, аула мен бөлме ішін қалай гүлдендіруге болатыны туралы мағлұматтар молынан беріледі. Қанша уақыт өтсе де әрбір бетінде жазылған мақала өз құндылығын жоғалтпайды. Сондықтан да журналдың әр санын жинап көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

Құрметті оқырман, «Гүлстан» журналы сіздің игілігіңізге қызмет жасап, қажеттілігіңізге жарап, қашанда көмекші, ақылшы бола біледі деп ойлаймыз. Келешек ұрпаққа гүл өсірудің қыр-сырын үйрету – журналдың алға қойған міндеттерінің бірі. Үйіңіздің жанындағы аулаңызды, саяжайыңызды, тіпті қала сыртындағы үйіңіздің ауласын  соңғы үлгідегі дизайнмен көріктендіргіңіз келсе, біздің журналға жазылыңыз. Бау-бақ сіздің тек жанарыңызды жаулап алып қоймайды, шаршап келгеніңізде немесе өмірдің кейбір сәтсіздіктерінен қажыған сәттеріңізде жаныңызға жұбаныш, болмысыңызға демеу бола біледі  деген сенімдеміз.

Журналдың кез келген нөмірін редакцияға хабарласу арқылы ала аласыздар!

Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік “ГҮЛСТАН” журналы

Құрылтайшы – “Гүлстан” ЖШС

Мекен-жай: Алматы қ-сы, Хан-тәңірі, 131.

 

Email: gulstan08@mail.ru, gulzar08@mail.ru

Сайт: www.gulstan.kz

«Қазпошта» агенттіктерінің катологы арқылы жазылуға  болады

Индексі:  75264

 

ISSN 2078-6727

“Гүлстан“ журналы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тіркеу куәлігі: № 6023-Ж, 12.09.2008 жыл.

Журналда жарияланған материалдарды көшіріп басқанда редакцияға сілтеме жасау міндетті. Журналдағы жарияланған мақала авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.

Жарнама мазмұны мен мәтініне жарнама берушілер жауапты.