Кітапшалар

Шағын 12 кітапша арқылы балаға өсімдіктер әлемін таныстырамыз. Бұл шағын кітапшалар арқылы бала өсімдіктерді жіктей біледі. Дала гүлдері, бақша гүлдері, бөлме гүлдері, біржылдық гүлдер, ағаштар, бұталар, қылқанжапырақтылар, жемістер, жидектер, көкөністер, дәнді-дақылдар және саңырауқұлақтар. Балада жіктеу түсінігі пайда болды. Биологияда саңырауқұлақ өсімдікке жатпайды. Дегенмен біз саңырауқұлақ өсіріп, өнімін алатындықтан ақпаратты беруге жөн көрдік.

Сонымен қатар Бала өсімдік өзімен және өсімдіктің қазақша атауымен танысады.  Әр кітапшада мүмкіндігінше қолданыстағы 10 өсімдік қамтыған. Балаға қазақ тіліндегі 120 атау сөздік қорына енеді.