Оқу құралдары

Біз табиғатты балаға тек құрғақ сөзбен немесе плакатпен ғана қорға-қорға дейміз.  Мемлекетіміз гүлденуі үшін, 4 ақ пайыз орман тоғайдың  пайызын көбейткіміз келсе, Біз баладан бастауымыз керек.   Бала табиғатты қорғау үшін, оны кішкентай кезінен балабақшадан, мектептен бастап үйретуіміз керек. Ол үшін Гүлстан баспасы «Өсімдіктер әлемі” кешенін ұсынады.

 

Балаға әліппемен әріп үйретіп, қосымша гүлдер әліппесін пайдалана отырып қырық өсімдікті үйрете аламыз. Ең алғаш балаға біз әрбір әріпті үйрете отырып бір өсімдікпен таныстырамыз. Сол мақсатта «Әліппе – гүлдер әлемі” атты кітапшасында әріппен танысу, жазылу түрі, өсімдіктің жеке суреті, аты, әрбір гүлге арналған өлең шумақтарымен танысады.  Және өсімдіктердің Бақшада, аулада, су жағасында немесе үйде өсетіндігімен танысады.  Бұл кітап ата-ана, тәрбиеші, мұғалімге арналған.

 

Сонымен қатар, «Әліппе – гүлдер әлемі” кітабының жұмыс дәптері бар. Алдымен суреттегі өсімдіктің боялған жапсырмағын іздеп,  тауып баланың ой өрісі кеңиді. Жапсырмақты керекті орнына жапыстырып моторикасы дамиды, бояу арқылы шығармашылығы дамиды. Бала еңбектенеді. Әліппе жұмыс дәптерімен жұмыс істегенде балалар суреттерді бояу арқылы өсімдіктердің табиғи түр-түсін ажыратып, ерекше қасиеттерін байқауды үйренеді, танымдық қабілетіне сәйкес білімін жүйелейді.

Әліппе Ата-ана, тәрбиеші, мұғалім арқылы гүлмен таныстырса, оны жұмыс дәптерінде өзі бояп үйренеді. Ал плакат арқылы бала гүлдерді бір-бірімен салыстыра отырып есінде сақтайды. Біздің мақсатымыз түбегейлі үйрету.

Өсімдіктер әлемін үйретуде, жеке сағат, жеке пән арнаудың қажеттілігі жоқ. Әріп үйрете отырып 40 өсімдікпен таныстырсақ, Санамақ кітапшасы арқылы 1 ден 10 ға дейінгі сандарды үйрете отырып, балаға тағы да 10 өсімдікті үйретуге болады.