Құнарлы топырақ қайда бар?

Үй гүліне және жерсіндірілген экзотикалық өсімдіктерге жеңіл топырақ керек. Дүкеннен дайын топырақ алмай, үнемдегіңіз келсе құнарлы да, жеңіл топырақты қолдан жасауға болады. Әсіресе бұл әдіс мектеп пен балабақша үшін өте қажет. Гүл көп болған сайын, құнарлы топырақтың қажеттілігі арта түседі. Күзде бақшаға түскен ағаш жапырақтарын жинап алып, өртеудің орнына, керісінше, оларды іске жарату керек. Жиналған жапырақтарды ауланың бір бұрышына шұңқыр жасап, сол жерге жапырақ салады. Үйілген жапырақтың бетіне су шашып, үгітілген әк (1м3 жапыраққа 1кг) қосып, бетіне 7-8см қалыңдықта топырақ төсейді. 9-12 айдан соң жалпы ыдырау процесі толық аяқталып компост даяр болады.  Органикалық материалдардың ыдырау нәтижесінде жапырақтан жасалынған топырақта жеңіл ерігіш, құрамында көмір қышқылы, оттегі, сутегі, азот бар зат – гумус жинақталады. Топырақ құрамында гумустың болуы өсімдіктің жақсы дамуына, пайдалы бактериялардың іс-әрекетінің жақсаруына әсер етеді. Бұл гумусты бақша топырағымен араластырып, үй гүлдеріне кеңінен қолдануға болады.

Сондықтан жапырақты өртемей, оны іске жаратайық!
#гүлстан #gulstan

Write A Comment