Tag

бөлме гүлдері

Browsing

Пайдалы 12 кеңес

Гүл өсіру аса көп білімді талап етпейді дейміз. Бірақ, гүлпаздардың тәжірибесімен ой бөлісу, оны өз бағыңызда қажетке асыру артық болмас. Ендеше, бүгінгі мақаламыздағы пайдалы 12 кеңес ауласында немесе үйінде гүл өсіретін жандар үшін. Көктемге жақын өсімдіктерді қалемшелеп көбейту маусымы басталады. Ал, көптеген гүлдерді қалемшелегеннен кейін суға қойып, тамырландыруға тура келеді. Егер, қалемше салынған суды жиі ауыстырып отырмасаңыз су өз құрамын бұзады және ластанады. Сондақтан суға қанттың екі бөлігін салып қойыңыз.…

Пуансеттия

Пуансеттияның (Euphorbia pulcherrima) Отаны- тропикалық  Америка. Бұл өсімдік жалпы Христиандардың  жаңа жыл мейрамының алдында гүлдейтін болғандықтан «Жаңа жыл гүлі» деп те атайды. Ресми ботаникалық аты — керемет сүттіген. Негізінен сүттіген туыстас гүлдердің аты  ежелгі дәрігер-ғалым Эуфорбаның атына байланысты. Эуфорба алғашқы рет бұл өсімдіктердің шырынында болатын улы заттың емдік қасиетін көрсеткен болатын. Қыстың суық айларында кейбір үй гүлдері жайқалып гүл ашып сізді қуанта алмайды. Айналаны ақ қар басқан осы бір кезеңде…

Жемісті үй жағдайында өсіру

Қысқы бақ және ас үйлеріне үй жағдайында лимоннан басқа мандарин, апельсин, каламондин, грейпфрут, анар, ананас, қымқуаттарды өсіруге болады. Қызыл, сары гүлдермен қатар жеміс ағашының да үйде өскені әдемі емес пе?!Қалауын тапсаң қар жанады демекші дұрыс күтім жасап, көңіл бөліп тұрсаңыз үй жағдайында көптеген жемістерді де өсіруге болады.   Апельсин (Citrus aurantium) – жемісі тәтті қышқыл, жапырағы жылтыр қабықты ағаш тәрізді өсімдік. Басқа цитрустар сияқты апелсин де жарық күнді, ылғалды ауаны ұнатады.…