Tag

гүлстан

Browsing

Пайдалы 12 кеңес

Гүл өсіру аса көп білімді талап етпейді дейміз. Бірақ, гүлпаздардың тәжірибесімен ой бөлісу, оны өз бағыңызда қажетке асыру артық болмас. Ендеше, бүгінгі мақаламыздағы пайдалы 12 кеңес ауласында немесе үйінде гүл өсіретін жандар үшін. Көктемге жақын өсімдіктерді қалемшелеп көбейту маусымы басталады. Ал, көптеген гүлдерді қалемшелегеннен кейін суға қойып, тамырландыруға тура келеді. Егер, қалемше салынған суды жиі ауыстырып отырмасаңыз су өз құрамын бұзады және ластанады. Сондақтан суға қанттың екі бөлігін салып қойыңыз.…

Пуансеттия

Пуансеттияның (Euphorbia pulcherrima) Отаны- тропикалық  Америка. Бұл өсімдік жалпы Христиандардың  жаңа жыл мейрамының алдында гүлдейтін болғандықтан «Жаңа жыл гүлі» деп те атайды. Ресми ботаникалық аты — керемет сүттіген. Негізінен сүттіген туыстас гүлдердің аты  ежелгі дәрігер-ғалым Эуфорбаның атына байланысты. Эуфорба алғашқы рет бұл өсімдіктердің шырынында болатын улы заттың емдік қасиетін көрсеткен болатын. Қыстың суық айларында кейбір үй гүлдері жайқалып гүл ашып сізді қуанта алмайды. Айналаны ақ қар басқан осы бір кезеңде…

Бақша өсімдіктерін қысқы суықтан қорғау

Жадыраған жаз кетіп, қаһарлы қыс та келді. Жайдары жаз күндерін бақ ішінде демалысқа айналдырған гүл сүйер қауымды  қыс  жылы бөлмеден шығармайды. Қыс айлары «тыныш мезгіл» деп аталады. Яғни, осы уақыт аралығында өсімдіктердің өсу процесі тоқтап, қысқы ұйқыға кетеді. Егер, бақ іші ақ қар астында да жайқалып тұрсын десеңіз, аулаңызға мәңгі жасыл жапырақты өсімдіктерді көптеп отырғызыңыз. Оларға бұтақты ағаштардан – жәмшит, қабыржық, махоня, бөріқарақат, ырғай жатса, қылқан  жапырақтылардан бозарша, арша, таксус,…

Жемісті үй жағдайында өсіру

Қысқы бақ және ас үйлеріне үй жағдайында лимоннан басқа мандарин, апельсин, каламондин, грейпфрут, анар, ананас, қымқуаттарды өсіруге болады. Қызыл, сары гүлдермен қатар жеміс ағашының да үйде өскені әдемі емес пе?!Қалауын тапсаң қар жанады демекші дұрыс күтім жасап, көңіл бөліп тұрсаңыз үй жағдайында көптеген жемістерді де өсіруге болады.   Апельсин (Citrus aurantium) – жемісі тәтті қышқыл, жапырағы жылтыр қабықты ағаш тәрізді өсімдік. Басқа цитрустар сияқты апелсин де жарық күнді, ылғалды ауаны ұнатады.…

Күз айларындағы бақ күтімі

Күз – жемістің толысып пісіп-жетіліп,  жапырақтың сан алуан түске енетін кезі. Күз мезлінінде де бау-бақша жұмыстары  өз жалғасын табады. Ендеше, бау-бақша жұмысының негізгілерімен таныс болыңыз:Жаз бойы гүлдеп енді тұқымы жетілген кезде барлық біржылдық, көпжылдық бұтақты өсімдіктің дәнін жинап алған абзал. Өсімдік тұқымын жинағанда, оны сақтайтын ыдыстың ылғал болмауына назар аудару қажет.Қыркүйек айында сүмбілшаш, қызғалдақ, нәркес және лалагүлін егу керек.Осы айда шетен, шырғанақ, шәңгіштің жемісін жинауға болады. Қазанда емен мен…

Ағаштарды тәрбиелеу

Кез келген ағаштардың әдемі, түзу болып өсуі үшін оларды көшет кезінен тәрбиелеу керек. Өсімдіктер де адам сияқты, жас кезінде қандай тәрбие берілсе, солай болып өседі. Яғни, көшеттердің бұтағының тік өсуін қадағалап, астыңғы жапырақтары мен бұтақтарын алып отырса әдемі өседі. Шетелде көгалдандыруға қажетті жас көшеттерді сатылымға дайындауда үлкен мән қойылған. Суреттен көріп отырғандарыңыздай, барлық ағаш тік өскен және өте әдемі ретке келтірілген. Осындай әдісті қолданудың пайдасы зор. Мәселен, мектеп қабырғасында осындай…

Жасанды су қоймасы немесе бұлақ

Әрбір адам аулаға көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде шағын су қоймасын, сарқырама немесе көлшік пен бұлақ жасағанды ұнатады. Себебі, сарқыраған су табиғи әдемілігімен қатар адамның жүйке жүйесінің жақсы жұмыс жасауына әсер етіп, сабырлыққа шақырады. Бірақ, үй иелерінің көпшілігі сулы бақ жасаудан бас тартады. Себебі, судың ішінде, жанында гүл өсіру қиын және өспейді деп ойлайды. Шындығына келсек Қазақстанның көгалдандыру саласында жүзден астам су гүлдерінің түрі бар. Ал, су жағалауына ылғалдылықты жақсы…

Гүлге де демалыс керек

Қыркүйек айынан бастап үй гүлдерінің көптеген түрлері көктемге дейін уақытша демалысқа кетеді. Атап айтар болсақ бұл топқа: қазтамақ, жүсіптің сұлулығы, қынагүл, кірпігүлдер т.б. тұқымдастар жатады. Уақытша демалыс дегеніміз – жапырағын түсіріп гүлдердің уақытша өсуі тоқтауы. Өсімдіктің өсу процесі тоқтағаннан кейін өңі кетіп, әрсіздене түседі. Көптеген гүл өсірушілер оларды ауырып тұр деп дәрілеп, ерекше күтім жасайды және қоректендіреді. Бұл дұрыс емес, ауладағы ағаштар күз кезінде жапырақ түсіріп көктемге дейін жалаңаш қалпында…

Жапон стиліндегі тас пен судың маңыздылығы

Көгалдандырудың көптеген стильдері бар. Солардың ішінде жапон стилін ерекше атап өтуге болады. Жапонияда жер алтынмен тең бағаланады. Сондықтан жердің аздығынан, жапондық мамандар көгалдандыруды кішкентай ғана жер көлеміне жасауға әбден шыңдалып алған. Аз жерде де олар қиғаштау бақ жолдарын, мүсіндерді, бонсайды жарасымды  орналастыра біледі. Аталған стильде тас пен су негізгі элемент ретінде қолданылады. Ал, бақта су мен тастың орналасқандығын  қалайтындардың саны аз емес. Жапон стилінде тас пен судың неліктен ерекше мәнге…

Бақтың патшасы – БАҚЫТГҮЛ

Бақытгүлі (Chrysanthemum)  алғашқы рет мыңдаған жылдар бұрын Қытай мен Жапонияда өсірілген. Бүгінгі күні бұл гүлдің сұрыптары мен ерекше түрлері жер шарының барлық аймақтарына кең таралып, көгалдандыруда алғашқы орындарға ие болып келеді. Бақытгүлі жаздың күзге ауысқан мезгілінде бақшаны қуаныш пен әдемілікке бөлейтін ғажайып өсімдіктің бірі. Әуесқойлар бақытгүлінің түрлерін өсіріп шығарумен қатар, оны ерте және кеш гүлдетудің де жолын тапқан. Өсімдік кеш гүлдеуі үшін гүлдің өсуін баяулататын химиялық заттарды пайдаланып, (ретарданттар)…