Tag

gulstan

Browsing

Жемісті үй жағдайында өсіру

Қысқы бақ және ас үйлеріне үй жағдайында лимоннан басқа мандарин, апельсин, каламондин, грейпфрут, анар, ананас, қымқуаттарды өсіруге болады. Қызыл, сары гүлдермен қатар жеміс ағашының да үйде өскені әдемі емес пе?!Қалауын тапсаң қар жанады демекші дұрыс күтім жасап, көңіл бөліп тұрсаңыз үй жағдайында көптеген жемістерді де өсіруге болады.   Апельсин (Citrus aurantium) – жемісі тәтті қышқыл, жапырағы жылтыр қабықты ағаш тәрізді өсімдік. Басқа цитрустар сияқты апелсин де жарық күнді, ылғалды ауаны ұнатады.…

Бақтың патшасы – БАҚЫТГҮЛ

Бақытгүлі (Chrysanthemum)  алғашқы рет мыңдаған жылдар бұрын Қытай мен Жапонияда өсірілген. Бүгінгі күні бұл гүлдің сұрыптары мен ерекше түрлері жер шарының барлық аймақтарына кең таралып, көгалдандыруда алғашқы орындарға ие болып келеді. Бақытгүлі жаздың күзге ауысқан мезгілінде бақшаны қуаныш пен әдемілікке бөлейтін ғажайып өсімдіктің бірі. Әуесқойлар бақытгүлінің түрлерін өсіріп шығарумен қатар, оны ерте және кеш гүлдетудің де жолын тапқан. Өсімдік кеш гүлдеуі үшін гүлдің өсуін баяулататын химиялық заттарды пайдаланып, (ретарданттар)…